424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда «EXPO-RUSSIA KAZAKHSTAN 2021» көрмесі өтіп жатыр

  • 97
  • UPD: 17:11, 25.06.2021

Алматыда «Экспо-Ресей Қазақстан 2021» тоғызыншы халықаралық өнеркәсіптік көрмесі, сондай-ақ жетінші Алматы бизнес форумы өтіп жатыр.

Шараға қатысушылар баяндамаларын онлайн режимде ұсынды. Негізгі тақырып - «Еуразиялық экономикалық одақ» аясындағы өзара сауда: қиындықтар және сауда кедергілерінен шығу жолдары». Қазір бүкіл әлем ысырапшылдықтан бас тартып, энергия үнемдейтін «жасыл» жобаларға назар аударып жатыр. Бұл процесс жаңа технологиялық стандарттарды енгізуді қажет етеді. Қатысушылар Еуразиялық экономикалық одақ аясында техникалық реттеу мәселелері бойынша тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талқылады. Қазақстан отандық кәсіпорындарды стандарттауда жаңа тәсілдерді енгізеді. Ол үшін келесі айда Үйлестіру орталығы құрылады. Оның көмегімен кәсіпорындардың ЕАЭО нормаларын іске асырудағы дайындығын анықтауға болады. Үйлестіру орталығы компанияның стандарттарға сәйкестігін бағалау әдісін әзірлейді.

Ғабит Мұхамбетов, «Казстандарт» РМК бас директоры:

- Ол белгілі бір техникалық регламенттер бойынша салалық және аймақтық бағыттарды дамытумен айналысатын болады. Мен экономиканың базалық салаларын және біздің басымдық беретін жаңа салаларды айтып отырмын. Бұл министрлік деңгейіндегі әмбебап мықты сарапшының бір түрі болады. Жалпы бізде 10 мыңға жуық қазақстандық стандарт бар. Біздің бағалауымыз бойынша қолдану деңгейі 45-50 процент деп айтуға болады. Бұл өте аз көрсеткіш.

Хабар 24 телеарнасы