Қазақстандықтар азық-түлікке ай сайын ₸ 97000 жұмсайды

Әрбір қазақстандық ай сайын шамамен 97 мың теңгені азық-түлік алуға жұмсайды. Бұл өткен жылғы осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда 4,6%-ке көп.

Халықтың азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсайтын қаражаты артып, ал темекі және ішімдікке кететін шығыны керісінше азайған. finprom.kz арнайы зерттеу жүргізіп, соңғы жарты жылдық бойынша осындай деректермен бөлісті.

Аймақтар ара жігінде, тамаққа қаржы жұмсаудан Алматы көш бастап тұр. Орта есеппен әр алматылық 127 мың 2 теңгені азық-түлік алуға бөледі. Бұдан бөлек Павлодар облысының тұрғындары 117 мың теңге, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 18,1%-ке артық және ШҚО тұрғындары 116 мың теңге, бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,3% көп қаржы жұмсайтын болған. Тапқан табысының ең аз бөлігін тамаққа жұмсайтын аймақ – Шымкент болып шықты. Ондағы тұрғындар  ай сайын 72 мың теңгеге азық-түлік сатып алады алады. Дегенмен бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,2%-ке артық. Сонымен қатар, азық-түлікке ай сайын жұмсайтын қаржы көлемі артпаған үш қана аймақ бар. Олар Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы және Ақмола облысы. Өзге аймақтарда пайыздық көрсеткіш артқан.

Еске салайық, Қазақстанда Үкімет белгілеген биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге.

ОТАНДЫҚ ЖЕҢІЛӨНЕРКӘСІП ӨКІЛДЕРІ ЖЕҢІЛДІК СҰРАП ОТЫР

Отандық киім және аяқ киім өндірушілердің басты мәселесі, бұрынғыдай, импорттық тауарлармен күрес болып отыр. Осы орайда біздің кәсіпкерлер шетелдік бәсекелестермен экономикалық жағдай жасауды сұрайды. Мысалы Өзбекстан, Қытай, Ресей, Түркия өз кәсіпорындарын жеңілдіктермен және артықшылықтармен қамтамасыз еткен. Ал Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығында бірінші кезекте, қосымша құн салығын алып тастап, тауарларды өткізу үшін сауда алаңдарын субсидиялау мәселесін шешу қажет деген пікірде.

ТІГІН ФАБРИКАЛАРЫНДА МАҚТА ЖЕТІСПЕЙДІ

Қазақстанда киім қымбаттауы мүмкін. Сала мамандарының айтуынша, елімізде тігілген киімдердің де, шетелдік тауарлардың да бағасы біртіндеп өседі. Бірақ нарықтағы сұранысты бұрынғыдай импорттық өнімдер жауып отыр. Ал отандық тігін кәсіпорындары былтыр негізінен мемлекеттік тапсырыстарды орындаумен айналысқан. Елімізде мақта аз, ал әлемдік нарықта оның бағасы күрт өсті. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы киімнің қымбаттауын осылай деп түсіндірді.

«Жалпы, біздің елде өсірілетін мақта көлемі ішкі нарықты қамти алады. Бірақ оның барлығы дерлік экспортталатындықтан, өзімізге мақта жетпейді»,– дейді қауымдастық президенті Любовь Худова.

Ал қазақстандық тігін кәсіпорындарына кем дегенде 15-20 мың тонна мақта керек. Осы тұста, жүктемесін орындау үшін олар шикізатты сырттан сатып алуға мәжбүр. Ал әлемдік нарықта мақтаның бағасы орта есеппен 30%-ке өсті. Жүн мен полиэстерден жасалған маталардың да құны көтерілген. Соның салдарынан, импорттық киім қымбаттады.

ВАЛЮТА БАҒАМЫ

Ұлтық банктың хабарлауынша, доллар 427 теңге 69 тиын. Еуро 509 теңге 37 тиын. Ресей рублі 5 теңге 91 тиын.