Аstana Finance Days 2021 форумы басталды

Дәстүрлі өңірлік қаржы форумы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шара үш күн бойы онлайн форматта өтеді. Бүгін Орталық Азия елдеріндегі қолма-қол ақшасыз төлем және Ислам қаржы капиталының ашықтығы сөз болды. Ислам қаржы капиталы нарығы былтыр 37 процентке дейін артқан. Шариғат талаптарына сай жұмыс істейтін жүйеге инвесторлар зор сенім артады. Себебі мұнда ашықтық бар. Инвесторлардың мүддесін қорғау басты шарт саналады. Бүгінде халықаралық Астана қаржы орталығы хабында ислам қаржылық қызметтері жөніндегі кеңес құрылған. Онда исламдық қаржы және бизнес мәселелері қаралып жатыр.