Қазақстандық банкаралық төлем карточкаларының жүйесі құрылады

Ұлттық банк төрағасы Президентке осы жоспардың жүзеге асу барысын баяндады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы бір жаңалық, халық салымдары тұрақты түрде долларсызданып келеді. Экономиканың нақты секторын несиелеу де өскен. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықтағы ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ ел экономикасының өсімін 3,6-3,9% деңгейде жақсарту жөнінде баяндалып, экономикаға кедергі болатын негізгі қауіп-қатерлер аталды. Сонымен қатар Президентке биылғы 6 айдағы инфляцияның 7,9%-ке дейін жедел өсуі, ішкі азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі жайында айтылды.

Мемлекет басшысына 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсімін 3,6-3,9 % деңгейде жақсарту және коронавирустың жаңа штамдарының салдарынан ел экономикасын қайта қалпына келтіруге кедергі болатын негізгі қауіп-қатерлер туралы баяндалды. Президентке биылғы 6 айдағы инфляцияның 7,9%-ке дейін жедел өсуі, ішкі азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі және орталық банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға көшу үрдісі жайында айтылды.