Қаржылық пирамида ма әлде қаржылық технология ма?

Елімізде қаржылық технология индустриясы дамып келеді. Халық ақшасын инвестициялауға мүмкіндік алды.

Бүгінде мұндай компаниялар саны 50-ден асқан. Арман Баев бастаған платформа соның бірі. Еліміздегі алғашқы краудфандинг Астана халықаралық қаржы орталығының қатысушысы. 1,5 жылда олардың көмегіне жүгінген 2 мыңға тарта адам жылжымайтын коммерциялық мүлікті инвестициялады. Түсім 1 млрд теңгеге жуықтады. Қазір платформада 350 инвестор тіркелген. Ондаған құрылыс компаниясымен келісім жасалды.

Арман Баев, жылжымайтын мүлік қорының негізін қалаушы:

- Біз пандемия кезінде бастадық. Күдік болғаны рас. Дегенмен, кемшіліктен гөрі артықшылыққа көп куә болдық. Себебі адамдар банк депозиттеріне балама іздей бастады. Нарықта пирамида көбейіп кетті. Адамдар тірнектеп жинаған ақшасын ауаға шашып алып жүрді. Сол кезде оларды инвестиция жасауға мүмкіндік беруіміз керек деген ойға келдік.