Депозиттер үшін тамызға арналған ең жоғары мөлшерлеме белгілі болды

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тамызға арналған ең жоғары мөлшерлемені бекітті.

Оған сай теңгемен қысқа мерзімді салымдар бойынша проценттік көрсеткіш өзгермеген. Себебі Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9 процент деңгейінде қалдырды. Екі жылдық мерзімді және жинақ депозиттері бойынша ең жоғары мөлшерлеме де бәз баяғы қалпында. Бір жылға арналған мерзімдік және жинақ депозиттерінің мөлшерлемесі 13,9 процентке төмендетілді.