424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мұнайдың бір баррелі 100 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

  • 152
  • UPD: 10:01, 07.07.2021
Мұнайдың бір баррелі 100 долларға дейін қымбаттауы мүмкін

ОПЕК+ елдері өндірісті арттыру бойынша келсімге келген жоқ. Алайда қазіргі қалыпта қалдыратын болса, мұнай бағасы 80 доллардан 100 долларға бір-ақ көтерілуі мүмкін.

Бұған сұраныстың да артуы себеп болады. Ұйымға қатысушы елдер бір тоқтамға келмеуі бағаның шарықтауына негіз болған. Сарапшылар бұл жағдайдың мемлекеттер үшін қауіпті екенін айтады. Brent маркалы мұнай баррелі 77 долларға жетті. Үш жыл бұрынғы рекорд осындай болған. Біріккен Араб Әмірліктерінің ахуалы картель келіссөздерінің ақырғы кезеңін болдырмады. Бұл мемлекет өндірісті 18 процентке азайтуға мәжбүр болған. Олар жыл соңына дейін өндірісті арттыруға қарсы емес, бірақ келесі ОПЕК талаптарына көне алмайтынын жеткізген. Бірақ Ресей мен Сауд Аравиясы квотаны қайта есептеуге дайын емес. Өйткені басқалар да өз шартын қоя бастай ма деп қорқады. Еске салайын, ОПЕК-тің тамыздағы өндіріс бойынша отырысы 5 шілде күні өтуі керек болған. Ендігі мерзімі қашанға белгіленері белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы