Қостанай облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

Қостанай облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға бюджеттен бір жарым миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда төрт есе көп. Сондай-ақ облыс аумағында жыл басынан бері 147 жәрмеңке ұйымдастырылып, 900 тонна тауар саудаланған. Мамандардың айтуынша, қазір еліміздің оңтүстігінен тасымалданатын көкөністің көлемі артқан. 

Төлеутай Ержанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Кешеден бастап дүкендерде картоптың құны 100 теңгеден, сәбіздің құны 115 теңгеден сатылып жатыр. Сосын өзіміздің фирмалық дүкендер бар. Онда да сондай баға картоп, 100-105, 159 теңгеден сатқандар бар. Сонымен бізде орташа алғанда картоп 195 картоп келіп жатыр облыс бойынша, сәбіз 245 теңгеден келіп отыр қазір.