Салық қарызы 17 мың теңгеден аспайтын азаматтардың шоты бұғатталмайды

Бұдан былай салық бойынша қарызы 17 мыңнан аспайтын азаматтардың есеп-шоты бұғатталмайды. Заңнамаға осындай өзгеріс енгізілді.

Ал берешек толық өтелген жағдайда банктер шығыс оперцияларын жандандыруға құқылы.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, салықтан жиі жалтаратындар Алматы тұрғындары. Олардың мемлекет алдындағы қарызы 5,1 млрд теңгеге жетеқабыл. Әсіресе көлік салығын төлемеу деректері тыйылар емес. Ол барлық берешектің 90 процентін құрайды. Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бүгінде төлем жасаудың бірнеше жолы қарастырылған. Атап айтсақ, e-Salyq Azamat, Egov порталы, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары мен Қазпошта бөлімшелері арқылы іске асыруға болады. 

Елде ішкі туризмді дамыту мақсатында субсидияланатын әуе рейстерінің саны ұлғайтылды. Енді отандастарымыз Нұр-Сұлтаннан Балқашқа аптасына 10 рет, Алматыдан Балқашқа 13 рет қатынай алады. Билет бағасы 9 мыңнан басталады. Ақтау-Көкшетау бағытындағы рейс саны бесеуге көбейді. Азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, елорда мен Талдықорған арасында да бюджеттік әуе желісі іске қосылады. Бұдан бөлек Түркістаннан Ақтөбе және Талдықорғанға тұрақты рейс санын кемінде екеуге арттыру жоспарлануда.