Қазақстанда кинотеатрлар жабылып жатыр

Қазақстандағы кинотеатрлар пандемиядан кейін шығынға батты. Карантинге байланысты 9 ай бойы жұмыс істемегендіктен еліміздегі бірқатар кинозалдар жабылып қалды.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының деректеріне сүйенсек, шектеу шараларына дейін елімізде 102 кинотеатр жұмыс істеген. Ондағы кинокөрсетілімдерден жыл сайын шамамен 18 миллиард теңге көлемінде қаржы түскен. Көрсетілген қазақстандық фильмдер саны 14,5 проценттен 7,4 процентке дейін төмендеген. Бұл көрсеткішті ойын-сауық индустриясы саласын зерттеумен айналысатын ірі халықаралық компания беріп отыр. Кинозалдардағы адам санының азаюына байланысты енгізілген шектеулерден саланың ішкі қарыздары да өскен.