Елімізде тамақ тапшылығы сезілсе азық-түлік сыртқа сатылмайды

Биылғы қуаңшылыққа байланысты азық-түлік тауарының тапшылығы сезілсе, сәйкесінше оның экспорты шектеледі.

Алайда сауда және интеграция министрінің айтуынша, бұл ведомствоның құзырындағы мәселе емес.

Бақыт Сұлтанов келтіргендей, ол экспорттаушылардың шешімімен реттелетін шаруа. Дегенмен, арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия мәселені назарында ұстамақ. Министрлік әзірлеген ақпарптқа сәйкес, былтыр алғашқы 4 айда ірі қара етінің экспорты 9 млн долларға жуықтаған. Бұл 2,7 мың тонна еттен түскен кіріс.

Ал биылғы жылдың сәйкес мерзімінде экспорт 2,6 мың тоннаны құрап, одан 9 млн 400 мың доллар көлемінде пайда түскен. Осылайша экспорт көлемі сәл азайғанымен табыс 5 процентке өскен. Сондай-ақ биылғы ет импорты былтырғы төрт аймен салыстырғанда 41 процентке төмендеген. Министрлік мәліметіне сәйкес, бүгінде шетке шығатын ет көлемі ұлғайып, сырттан әкелетін ет көлемі азайған.