424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте Қазақстан – Өзбекстан іскер қауымының форумы өтті

  • 83
  • UPD: 21:20, 15.07.2021
Ташкентте Қазақстан – Өзбекстан іскер қауымының форумы өтті

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан іскер қауымының форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы шара аясында қазақстандық кәсіпкерлер 52 миллион доллар көлемінде 7 келісімшартқа жасасты. Сонымен қатар қос тарап шекарааралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқыға салды. Қазақстан Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың мәлімдеуінше, Өзбекстанның сауда айналымының жартысынан көбі Қазақстан арқылы транзитпен өтеді. Сондай-ақ екіжақты кездесулер нәтижесінде Өзбекстан дүкендеріне 50 миллион долларға қазақстандық өнімді шығару жөнінде келісім жасалды.

Хабар 24 телеарнасы