Елімізде тамақтану орындарының табысы 90 процентке кемиді

Шектеулер жеңілдемесе мегаполистердегі мейрамхана, кафе, барлардың табысы 90 процентке кемиді.

Қазақстанның қоғамдық орындарда тамақтану қауымдастығы осындай пайым жасады. Олар күндік табысы 7 миллион болатын бір нысанды мысалға алды. Егер карантин талаптарына сай жұмыс күні кешкі сегізге дейін, ал сенбі, жексенбі жабық тұрса, 6 миллион теңге табыстан қағылады. Сәйкесінше ондағы қызметкерлер де қысқарып, жұмыссыздар көбейеді. Кәсіпкерлер тығырықтан шығудың түрлі жолын қарастырып жатыр. Соның бірі «Ашық» қосымшасы арқылы қызметін жалғастыру. Сондай-ақ мамандарының жартысынан көбі вакцина алған нысандарда жұмыс уақытын түнгі 12-ге дейін ұзартып, сенбі, жексенбі қонақ қабылдауға рұқсат беру туралы ұсыныс жасады. Қауымдастық өкілдерінің мәліметіне қарағанда қазір 49 мыңдай қоғамдық тамақтану орыны жұмыс істейді. Ондағы қызметкерлердің 60 проценті вакцина салдырған.