BIONA компаниясы ауылшаруашылық саласына қажетті өнімдер ұсынады

Jańa Dala GreenDay 2021 көрмесінде BIONA компаниясы мен осы ұйымның Қазақстандағы «Достық-Агро» аталатын дистрибьютері агро саланың мамандарына 10-нан аса препарат ұсынды. Оның ішінде белгілі SUNNY MIX, «Гумат Актив», «Адьюгрейн 10», «Нитрофикс» аталатын өнімдер бар. Жалпы соңғы уақытта BIONA компаниясының тауарына сұраныс артқан. Бұл немен байланысты? 

BIONA 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания егін, мал, құс шаруашылығына қажетті микробиологиялық препараттар шығарады. Өнімдері Қазақстан, Ресей, Украина, Еуропа, Оңтүстік Америка мен Солтүстік Африканың, Марокко, Чили, Аргентинаның нарықтарында мойындалған. Тиімділігі сол, компанияның препараттары әр елдің климатына сай бейімделеді.

Тигран Петросян, BIONA компаниясының жаңа өңірлерді дамыту бойынша жетекшісі:

- Сонымен қатар органикалық өнімдерді еккен кезде де қолданылады. Шығарылып жатқан препараттардың құрамында генді модифицикацияланған өнімдер жоқ. Таза органикалық заттардан түзілген. Сондай-ақ бактерияның штамдары бар. Оның бәрі патенттелген. Бүгінде «Биона» компаниясында ауыл шаруашылығында пайдаланылатын өнімдердің 40-тан астам түрі бар.

Компания жаңа препараттар да ұсынады. Оның ішінде микро- және макроэлементтерден құралған BIOCONSORT, егін мен өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын лептоцид бар. Өнімдер тірі бактериялардың негізінде жасалады.

Геннадий Попков, BIONA компаниясының Қазақстандағы ресми дистрибьюторы:

- Біз Қазақстанның жағдайында өмір сүретін және 2 жыл сақталатын, температурадан қорықпайтын бактерияларды ойлап табу керек екенін айттық. Әріптестеріміз тез әрекет етті. Препараттар өте тиімді болып тұр.  Осылайша «Биона» компаниясы бәсекеге қабілетті екенін көрсетті. 

Игорь Маничкин агроном, BIONA өніміне тапсырыс беруші:

- Бұрында біз органикалық және минералды тыңайтқыштарды қолданып келдік. Бірақ оны барлық егістік алқабына себу мүмкін емес еді. Ал «Бионаның» өнімімен барлық егінімізді қамти аламыз. 

«Бионаның» өнімдері сапалы саналады. Әлдеқашан жоғары бағасын алған. Әрі тапсырыс берген адамдарға, компания өз өнімдерін дер кезінде жеткізіп береді.

Қорған Қонысбайұлы