424,53 504.60 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда акция нарығы жанданды

  • 71
  • UPD: 10:54, 22.07.2021
Қазақстанда акция нарығы жанданды

Елде акция нарығына жан біте бастады. Алты айда ақшалай есептегенде 71 трлн теңгенің акциялары сатылған.

Бұл былтырғыдан 16 процентке көп. Нақтыласақ, репо келісім-шарты мен валюталық своп операцияларының айналымы 61,9 миллиард теңге, мемлекеттік құнды қағаздар нарығы 1,7 триллион, қарапайым акциялар 74,9 миллиард, корпоративті облигациялар саудасы 825,2 миллиард теңгеге жетті. Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымы Алина Алдамбергеннің айтуынша, отандық биржада сұранысқа ие 20 акцияның дені ресейлік және шетелдік құнды қағаздар. 

КАСЕ индексіне қазақстандық акциялар да кіреді. Солардың ішінде бағаның елеулі өсімін Халық банкі көрсетіп отыр. Оның қарапайым акцияларының бір данасы жарты жылда 11,4 процентке қымбаттаған. Акциялары өскен үштікке «Қазатомпром» мен «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниялары да енді. Сапаршылардың пайымынша, жеке инвестордың Қазақстан қор биржасында тапқан табысына салық салынбауы азаматтардың отандық биржаға қызығушылығын арттырған. Қазір Қазақстан қор биржасында өз құнды қағаздарын саудалау үшін 183 компания тіркелген. Ал акцияларды сатып алу мақсатында 171 мыңнан астам адам жеке шот ашқан. Соңғы айдың өзінде мұндай шоттардың саны 8 мыңға көбейген.

Хабар 24 телеарнасы