Қазақстанда Калашников автоматтары құрастырылатын болды

Калашников автоматтарын енді біздің елде де құрастыратын болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осындай ақпарат таратты.

Тараптар ортақ келісімге келген екен. Кәсіпорын қызметкерлері АК-12 және АК-15 қаруларын тамыз айынан бастап құрастыруға кіріседі. Әзірге жылына қанша қару шығаратындары белгісіз.