423,81 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Елімізде 300-ге жуық Қытай майнері жұмыс істеп жатыр

  • 138
  • UPD: 12:08, 25.07.2021
Елімізде 300-ге жуық Қытай майнері жұмыс істеп жатыр

Қытай билігі майнингке түбегейлі тыйым салмақ. Ел аумағында электр қуатын криптовалюта өндірісіне сарп етпеу қатаң талап етілді.

Соңғы жылдары биткойн-майнинг индустриясындағы аспанасты елінің үлесі түсіп кетті. Мысалы, 2019 жылы 75 процент болса, биыл 46 процентке жеткен. Қытай банкінің цифрлық юаньды қолданысқа енгізуі осындай шешімге түрткі болған. Қазір жергілікті майнерлер АҚШ, Канада, Еуропа, Ресей және біздің елді жағалап кетті. Бірақ мамандар қытайлық майнерлердің үдере көшетіндей қауқары жоқ дейді. Себебі олардың көбі өз қызметін жасырын жүзеге асырып келген. Демек, жабдықтарды тасымалдау оңай шаруа емес. Қазір біздің елде 300-ге тарта Қытай майнері жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы