425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Инфляция деңгейі 8%-ке жуықтады

  • 137
  • UPD: 20:19, 26.07.2021

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді. 9,25 процентке дейін өсті. Қаржы нарығын реттеп жүрген мамандар мұндай қадамға амалсыз барып отыр.

Өйткені елде инфляция шарықтап кетті. Үкіметтегілер оның көлемі 4-6 процент шамасында сақталады деп сеніп еді. Бірақ қазір 8 процентке жуықтап қалғанын естіп жатырмыз. Соның кесірінен азық-түлік бағасы да аспандады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру арқылы елдегі қымбатшылықты ауыздықтай ала ма? Осы және өзге сауалдарға экономист Мақсат Халық жауап берді.   

- Базалық мөлшерлеменің көтерілуі нарыққа қалай әсер етуі мүмкін? Кейбір маман енді банктер беретін несиенің проценті жоғары болады деп жатыр.  

- Базалық мөлшерлемені көтеру арқылы елдегі қымбатшылықты ауыздықтауға, сосын теңгенің әлсіреуін тоқтатуға болады деген пайым бар. Мұнымен келісесіз бе? 

- Күрделі жағдайға тап болған кейбір елдер базалық мөлшерлемені барынша төмендетіп, нольдік деңгейде ұстап отыр. Сол арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген шарттармен несие беріп, экономкианы жандандыруға тырысып жатыр. Біз неге олай істей алмаймыз?

Хабар 24 телеарнасы