Қазақстандықтардың банктерге сенімі артып келеді

Мұны депозитке салынған ақша көлемінен байқауға болады.

Ұлттық банктің дерегінше, ел азаматтарының банктердегі қаржысы бүгінде 15 трлн теңгеден асқан. Бір жыл ішінде көрсеткіш 26 процентке өсті. Ақшаның негізгі бөлігі мерзімді депозиттерде сақтаулы. Ол шамамен 9,3 трлн теңге болады. Ал талап етілгенге дейінгі салымдар мен ағымдағы шоттарда  – 2,1 трлн теңге, өзге жинақтарда 924 млрд теңгеден астам қаражат жатыр. Ең азы шартты депозиттерде – 3,6 млрд теңге. Отандастарымыз ақшаны көбіне ұлттық валютада сақтағанды жөн көреді.