Қазақстанда жыл соңына дейін 90 мың жаңа жұмыс орыны ашылады

Қазақстанда жыл соңына дейін 90 мың жаңа жұмыс орыны ашылады

Жыл соңына дейін елде 90 мың жаңа жұмыс орыны ашылады. Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. Биыл 32 мың жобаға қолдау көрсету көзделген.

Бұл үшін бюджеттен 1,2 трлн теңге бөлінбек. Үкімет сауда, қызмет көрсету, өңдеуші өнеркәсіп, көлік және қоймалау, сондай-ақ құрылыс салаларына жіті мән беріп отыр.