Құрылыс материалдарын тиімді бағаға алуға мүмкіндік беретін жүйе іске қосылады

Елде отандық құрылыс материалдарын онлайн алуға болатын «Маркетплейс» жүйесі іске қосылады. Мұнда қазақстандық өнімдерді делдалсыз және 15 проценкке төмен бағаға алуға болады.

Онда өндірушілер мемлекеттің қолдауымен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасып, қатаң бақылауда болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан нысан жайлы деректер келесі жылдан бастап E-ҚҰРЫЛЫС бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланады. Яғни бюджеттен жұмсалған әрбір қаражат ашық болады.

Алмаз Ыдырысов, ҚР ИИДМ комитет төрағасының орынбасары:

- E-Qurylys жүйесінің блокчейн-тетіктері арқылы сатып алынған отандық құрылыс материалдары бойынша мердігерлердің есептері мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін болады. Сондай-ақ нысанның  жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген деректер автоматты түрде салыстырылады.  Айта кетейін, жүйеге бюджет қаражатынан ешқандай қаржы жұмсалмады.

Сондай-ақ...