Сарыағаш тұрғыны үйін саңырауқұлақ фермасына айналдырды

Тұтас шаруашылықты бір бөлмеде жандандырып отыр. 26 жастағы Бану Әубәкір айына бір тоннадан астам саңырауқұлақ жинайды.

Сосын өнімді сұрыптап, дүкендерге тапсырады.

Айтуынша, саңырақұлаққа сұраныс жоғары. Оның бұл кәсіппен айналысқанына 2 жылдай болған. Тегін бизнес курсына қатысып, кейін жобаға грант ұтып алған. Ал саңырауқұлақтарды күтіп-баптауды таныстарынан үйреніпті.

Бану Әубәкір, Сарыағаш ауданының тұрғыны:

- Ешқандай жазда сату немесе қыста сату деген жок. Жыл бойы сата беруге болады. Вешенеимен қатып қалмай, шампиньонды да егіп, істеуге болады. Оның да жолын білеміз. Үйлеріміз де жеткілікті. Қаражат жағы кішкене жеткіліксіз болғандықтан ол жағын сәл істей алмай жатырмыз.