425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ЕАЭО елдерінде сауда-саттық саласындағы техникалық кедергілер азаяды

  • 112
  • UPD: 23:05, 20.08.2021
ЕАЭО елдерінде сауда-саттық саласындағы техникалық кедергілер азаяды

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сауда-саттық саласындағы техникалық кедергілер азаяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның бастамасы бойынша осыны реттейтін аймақтық ұйым құрылмақ. Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында осындай шешім қабылданды. Үкімет басшылары жиында органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар және 2021-2023 жылдарға арналған көлік-саясатын іске асыру жоспарын бекітті. Бұған қоса, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасындағы сауданы дамытатын темір жол тасымалдарын цифрландыру жоспарын мақұлдады. Жалпы кейінгі жылдары одаққа мүше елдердің сауда айналымы қарқынды дамып келеді. Биыл қаңтар мен маусым аралығында шамамен 33 миллиард долларға сауда жасалды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ке көп. Үшінші елдермен сауда айналымы 24%-ке артқан. Отырысқа төрағалық еткен Асқар Мамин экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне серпіліс беру керек екенін атап өтті. Бұл бағыттағы ұсыныстар үкіметаралық кеңестің қазанда өтетін жиынында талқыланбақ.

Хабар 24 телеарнасы