Биыл ауылдық жердегі 16 кәсіпкер әйелге бизнес грант бөлінді

Олар шаруасын кеңейтіп, кәсібін өрістетуге мүмкіндік алды. Ел бойынша 35 мыңнан астам қыз-келіншек «Ауыл әйелдерін оқыту арқылы қолдау» әлеуметтік жобасы аясында білім курстарынан өтті.

Бұл туралы Қазақстанның ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина мәлімдеді. Оның айтуынша, жыл сайын елде бизнес идеялар конкурсы ұйымдастырылып тұрады. Осыған дейін конкурстың 81 жеңімпазы грант иегері атанған.