Кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаунды алып тастауды сұрады

«Демалыс күндері локдаун енгізуді доғару керек». Қоғамдық тамақтану қауымдастығының өкілдері осылай деді. Олар карантин талаптары күшейтілген соң табыстан қағылғандарын айтып отыр.

Кірістің 70 процентінен айырылдық дейді. Ертеңнен бастап елдегі кәсіпкерлер мемлекетке жарты жылдық салық төлеуді бастайды. Бірақ мейрамхана иелері онсыз да қарызға белшемізден батып отырғанда салық төлеуге шамамыз келмейді деп жылайман болып отыр. Кейбірінің 8, енді бірінің 20 млн теңге берешегі бар. Жағдай жуық арада реттелмесе, салада жүргендердің көбі банкрот болады. Сондықтан олар Үкіметтен салық жөнінен жеңілдік жасауды сұрап отыр. Сондай-ақ демалыс күндері локдаунды алып тастауды өтінді.