Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт өнім көлемін ұлғайтты

Көкшетаудағы ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт өнім көлемін ұлғайтып жатыр. Кәсіпорында технологиялық үдерістерді жетілдіруге көп көңіл бөлінуде. Мұнда фермерлерді толық циклді отандық ауыл шаруашылығы техникасымен қамтуға басымдық берілген.

Қазақстандық агро инновациялық корпорациясы – өңірдің егіс алқабына қажетті комбайн, трактор және басқа да техникаларды жеткізетін ең негізгі кәсіпорын. Зауыт жыл сайын қазақстандық өнім түрлерінің көлемін арттырып отыр. Кәсіпорынның өндіріс алаңында көптеген технологиялық үдерістер орын алуда.

Азат Шегіров, шебер:

- Мұнда толық дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл кесу, токарлық және фрезерлік станоктарда механикалық өңдеу, плазмада кесу. Яғни біз оны дәнекерлеу учаскелеріне берген соң олар осы техникаларды дәнекерлеп құрастырады.

«Механикалық өңдеу және дәнекерлеу алаңдарын зауыттың жүрегі» деп атауға болады. Мұнда мамандар шикізатты өңдеп, алдағы құрастырылатын тракторлар мен комбайндардың су жаңа бөлшегіне айналдырады. Цех жұмысшыларының автоматтандырылған жүйелер мен цифрлық платформаларды пайдалануы да маңызды.

Игорь Таранов, металл жонушы:

- Содан кейін қажетті жабдықтар қабылданады. Даярланған заттар мен сызбалар бойынша біз бөліктердің өлшемдерін қарастырамыз. Оларды таза, өтпелік, бұрандалы кескіштермен өңдейміз. Ең қиыны бағдарламалар даярлау, жазу. Содан кейін тиісті кескіштерді әзірлеу.

Зауыттың алға қойған мақсат-жоспары өте көп. Қазір жаңа өндіріс алаңының құрылысы жүріп жатыр. Бұл кәсіпорынның жылына 10 мың бірлік жаңа техника шығаруына және жұмыс орынының санын екі есеге дейін ұлғайтуына мүмкіндік береді.

Жандос Жұмабек, Аслан Абуталипов, Анатолий Полянный