Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сатқалиевті қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұлттық компания басшысы Елбасыға өндірістік және қаржы көрсеткіштері туралы баяндады. Алмасадам Сәтқалиев биыл 7 айда уран мен электр энергиясы өндірісіндегі көрсеткіштердің жақсарғанын айтты. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» басшысы қорға қарасты кәсіпорындардағы санитарлық қауіпсіздік пен қызметкерлерді вакциналау бойынша есеп берді.  

Алмасадам Сатқалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

– Жеті айдың нәтижесі бойынша уран мен электр энергиясы өндірісінде өте жақсы көрсеткіштер тіркелді. Жыл соңындағы көрсеткіштер де жақсы болады деген болжам бар. Таза пайда көлемін былтырғыға қарағанда 150 процентке арттыруды жоспарлап отырмыз.