Кәсіпкерлер палатасы жарылыстан зардап шеккен бизнес иелерін шұғыл желіге хабарласуын сұрайды

Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасы жарылыстардан зардап шеккен бизнес нысан иелерін шұғыл желіге хабарласуды сұрайды. Шұғыл желі нөмірлері экранда көрсетілген. 

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Жамбыл облысы әкімінің төрағалық ететін шұғыл штаб құрамына кірді. Штаб жетекшілері таңертең Байзақ ауданына барып, жарылыстан зардап шеккен нысандарды аралап шықты. Айта кетейік, зардап шеккен бизнес иелері келесі номерлер бойынша шұғыл желіге хабарласа алады: 

ШҰҒЫЛ ЖЕЛІ: 109, +7(7262)51-35-25, 1432

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растадыАл соңғы мәлімет бойынша жарылыс құрбандарының саны 9-ға жетті.

Қ.Тоқаев жарылыстан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтты.

Жамбыл облысында жарылыста қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетіндігі айтылды.

Оқиға орнына көмек көрсету үшін Шымкенттен «төтеншеліктер» барды. Мамандар әскери қоймада қандай заттардың жарылғанын мәлімдеді.

Осы оқиғадан соң Нұрлан Ермекбаев отставкаға кету туралы шешім қабылдағанын айтты. Тараздағы жарылысқа байланысты шұғыл брифинг өтті.

Бұған дейін жарылыстан төрт адамның көз жұмғанын хабарлағанбыз. Көп ұзамай министрлік тағы бір әскери қызметкердің қазасын растады