Астанада Батыс Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтті

Елордада жәрмеңке өтті. Бұл жолы бас қалаға батыс қазақстандық өнім өндірушілер өз тауарларын әкелген. Мұндағы баға қандай? Шаруалар қандай өнім әкелген?

Жәрмеңкедегі азық-түлік нарықтағы бағадан 15-20 процентке арзан. Өйткені мұндағы  сауда орындары тегін беріледі. Бұған қоса тауарды тасымалдауға облыстық әкімдік көмектеседі.  

Бақытжан Нарымбетов, БҚО әкімінің орынбасары:

- Расымен мұнда етке деген сұраныс жоғары. Өйткені сиыр еті 1800-1900, ал жылқынікі 2200 теңгеден сатылып жатыр.  

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ертең де ашық болады.

Айта кетейік, бүгіннен бастап елордада карантин талаптары жеңілдетіліп, қоғамдық көліктер жүріп жатыр. 

Аслан Қаженов