ЕАЭО жастары күш біріктірді

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара интеграциясына жас буын өкілдері де өз үлесін қоспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дон өзеніндегі Ростов қаласында одаққа мүше мемлекеттер жастарының тұңғыш съезі өтті. Онда әр елдің делегациясы өзін-өзі басқару тәжірибесімен алмасты. Жастар саясатын іске асыру жолдарын Ресей, Беларусь, Армения, Сербия, Өзбекстан және Қырғызстанның өкілдері талқылады. Форумға еліміздің атынан «Қазақстан жастары конгресі» аттанды. Төрт күнге ұласқан форумда қатысушылар өзара қарым-қатынасты тиімді орнату мен озық идеяларды іске асырудың жолдарын іздеді. Жиын соңында жобаларды жүзеге асырудың Жол картасы құрылды. Алдағы уақытта жастар ұйымдары ортақ бағдарға сай жоспарды өз елдерінде жүзеге асырмақ.