425,75 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Р.Скляр неміс компанияларымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады

  • 90
  • UPD: 17:01, 31.08.2021
Р.Скляр неміс компанияларымен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларды талқылады primeminister.kz

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр неміс компанияларының басшыларымен кезекті онлайн-кездесу өткізді.

Кездесу тақырыбы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары саласындағы екіжақты экономикалық жобалар болды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Неміс тарапынан Германия экономикасының Шығыс комитетінің төрағасы Оливер Гермес және Германия Федеративтік Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Бергер Мигель қатысты.

Онлайн-кездесуге Siemens, BASF, Henkel AG & Co. KgaA, WILO SE, LLP C. Spaarmann, Becker Mining Europe GmbH, Svevind Energy GmbH, Robert Bosch сияқты 100-ге жуық жетекші неміс компаниялары қатысты.

Өз сөзінде Роман Скляр өнеркәсіптік өндіріс, машина жасау, энергетика, жаңартылатын энергия көздері және т.б. салалардағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріндегі табысты ынтымақтастықты атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тараптың экология және табиғи ресурстар мәселелері бойынша ынтымақтастықты жолға қоюға дайын екендігін білдірді.

Неміс компаниялары климаттың өзгеруіне қарсы күрес, қалдықтарды жою, Арал теңізінің құрғауына байланысты экологиялық апатпен күресу, сондай-ақ ауыз сумен қамтамасыз ету секілді салаларда ынтымақтастық орнатуға шақырылды. Кездесу соңында пікірталас өтті, онда қатысушылар аталған мәселелерді іске асыру шараларын талқылады.

Хабар 24 телеарнасы