Қазақстан өтпелі экономикалы елдер арасында инвестиция көлемі бойынша бірінші орынға шықты

Қазақстан өтпелі экономикасы бар 17 елдің және теңізге шыға алмайтын 34 мемлекеттің ішінде таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша бірінші орынға шықты.

Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдарұлы мәлімдеді. БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясының «Инвестициялар жөніндегі дүниежүзілік баяндамасындағы» көрсеткіш бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында едәуір алға жылжыған. Әлемдік пандемияға қарамастан елімізге ауыл шаруашылығы, медицина және тау-кен саласындағы жобаларға инвестиция тартылып, бірқатары жүзеге аса бастаған. Осы жылы жалпы құны 4 млрд АҚШ доллары көлемінде 32 ірі жоба іске аспақ. Тікелей шетелдік инвестиция арқылы жүзеге асатын бұл жобалар шамамен 6 мың адамды жұмыспен қамтиды. 

Алмас Айдарұлы, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Егер тікелей көлемін алатын болсақ, ТМД арасында біздің алдымызда тек Ресей мемлекеті тұр. Бұл түсінікті, экономикасы 10 есе көп. Бірақ бізде де жартысына жақындап қалдық. 2019 жылы ЮНТАКД-тың көрсеткіші бойынша ТШИ көлемі 2,9 млрд құраған, 2020 жылы 35 пайызға өсіп отыр.