Қазақстанда инфляция деңгейі 2022 жылы төмендейді – Досаев

Бұдан былай елде жылдық инфляция 4-6 процент шегінде болады.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.

Еске салайық, жыл басынан бері нарықтағы азық-түлік өнімдерінің бағасы ырық бермей кетті. Картоп, сәбіз өнімдері бірден екі есе қымбаттады. 8 айдың қорытындысы бойынша инфляция 11,4 процентті көрсетті. Ұлттық банк 2021-2023 жылдарға арналған шаралар жоспарын дайындады.

«Жолдауда көрсетілген нақты міндет инфляциялық процестерді тежеу», - деді Ерболат Досаев. Соған сәйкес, азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына қарсы құрал ретінде ішкі нарықты қажетті тауарлармен барынша қамту ұсынылып отыр. Үкімет пен әкімдер осы іске жауапты болады. Экспорт пен импорттық өнімдер көлемі мұқият зерделеніп, жеткілікті қор қалыптасады.