Мұнай өндірісі артады

ОПЕК ұйымы мұнай өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге көбету туралы келісімді жалғастырады.

1 қыркүйек күні бейнеконференция форматында өткен отырыста қара алтын экспорттаушы елдердің министрлері осындай келісім жасады. Олардың айтуынша, кей елдерде карантиндік шектеулер күшейгенімен, нарықта экономикалық өсім бар. Мұнай импорттаушы елдерде сұраныс артып, қара алтын қоры азайып жатыр. Өндірісті біртіндеп көбейту бағаны төмендетпейді деп шешті. Іле шала нарықта мұнай арзандады. Отырыс алдындағы аптада қара алтын өткен жылдың қазанынан бері алғаш рет 9-9,5 процентке қымбаттаған болатын. 31 тамыз күні Брент маркасы 73 доллардан асқан еді. Сарапшылардың айтуынша, мұнай өндірісінің артуына АҚШ мүдделі болып отыр. Өйткені құрама штаттарда бензин қымбаттап, халықтың наразылығын тудыруда. Ал Ақ үй әкімшілігі өндірісті көбейту арқылы мұнайды арзандатуға ниетті.

Өткен аптада Сауд Арабиясының әуежайына дронмен шабуыл жасалды. Ал Йеменде хусит жасақтары Әл-Анад әскери-әуе базасын талқандады. Гаитиде болса, гуманитарлық дағдарыс күшейіп барады. Осы және өзге де маңызды оқиғалар алдағы топтамада.