Н.Годунова: Мемлекеттік аудит ережелері өзгерісті талап етеді

Н.Годунова: Мемлекеттік аудит ережелері өзгерісті талап етеді

Мемлекеттік аудит жүргізу ережелерін өзгерту керек. Бүгін халықаралық конференцияда Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осылай деді.

Ол әсіресе, әлеуметтік аудиттің маңызын атап өтті. Жоспарлы индикатор мен нақтылық арасындағы алшақтық азайғанда ғана тексеріс тиімділігін көрсетеді деді ол. Айта кетейік, жиынға 27 елден келген аудит органдарының өкілдері қатысты.

Наталья Годунова, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы:

- Бұл бағытта адамға бағытталған жұмыстың рөлі орасан. Осы «адамға бағытталған» деген сөздің өзі қазір өзекті болып барады. Жұмсайтын кез келген ақша немесе мемлекеттік ресурс, активтер бірінші азаматтарға бағытталады.