Ақмола облысында егіннен түсім гектарына тек 8 центнер болды

Елді нанмен қамтамасыз етіп отырған тағы бір астықты өңір Ақмола облысында түсім гектарына 8 центнерден ғана.

Қазір мұндағы алқаптың 81 проценттен астамы орылды. Яғни 3674 мың гектардан 2939 мың тоннаға таяу астық жиналды. Егер күн райы қолайсыздық тудырмасы, астықтың қалғанын, аз күнде жинап аламыз дейді диқандар.