Қостанай облысында астық гектарына небәрі 3,5 центнерден түсті

Нан бар жерде ән болады. Жылма жыл астықтың түсімін арттырып 20 млн тоннадан ас бидай жинап жүрген диқандардың қолын биыл құрғақшылық байлап тұр.

Астығымен мақтанатын тағы бір өңір Қостанай облысында 4,7 млн гектарға тұқым себілген. Оның 4 млннан астамы дәнді дақыл, 607 мың гектары майлы дақыл. Қазір жалпы көлемнің жартысынан астамы орылған. Дегенмен егіннің шығымы болмаған соң, түсімі де өте аз. Гектарына небары 3 жарым центнерден айналып жатыр.