Еліміздің ауыл шаруашылығында мамандар азайып барады

Елдегі 7 өңірде ғана ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орташа көрсеткіштен сәл жоғары. Салада еңбекақы жылдан жылға азайып жатыр.

Биыл ғана орман, ауыл және балық шаруашылығындағылар былтырғыдан сәл көбірек жалақы алған. Өсім 6,5%. Әзірге Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары мен елордада ғана мардымды ақы төленіп жатыр. Ал Маңғыстау облысындағы көрсеткіш өткен жылдан 28 процентке азайған. Бұл мамандардың басқа салаға кетуіне әсер етті. Жылдың екінші тоқсанында елдегі 1,2 млн адам ауыл шаруашылығында еңбек еткен. Дені Түркістан және Жамбыл облыстарында тұрады.