Қазақстан экономикасы пандемияға дейінгі көрсеткішке оралды

Қазақстанның экономикасы пандемияға дейінгі көрсеткішке оралды. Бүгін үкімет отырысында Асқар Мамин осындай мәлімдеме жасады.

Жыл басынан бері Жалпы ішкі Өнім 3%-ке өскен. Әсіресе, қызмет көрсету және экономиканың нақты секторында ілгерілеу бар.

Жыл басынан бері Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау облыстары және Шымкент қаласы барлық 7 негізгі макрокөрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсетті. Тек Батыс Қазақстан облысы ең төменгі көрсеткішке ие.

8 айда мемлекеттік бюджет те толықты. Жоспар 105 процентке орындалып, қазынаға 7 трлн теңгеден аса қаражат түскен.