Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді

Инфляцияны төмендетіп, 2022 жылы оны 4-6% дәлізге қайтару керек. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметке осындай тапсырма жүктеген еді. Өсіп келе жатқан инфляцияның монетарлық емес факторларына ерекше назар аудару қажет екені ескертілді.

Инфляцияны төмендетіп, 2022 жылы оны 4-6% дәлізге қайтару керек. Мемлекет басшысы биылғы Қазақстан халқына жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметке осындай тапсырма жүктеген еді. Бұл істе өсіп келе жатқан инфляцияның монетарлық емес факторларына ерекше назар аудару қажет екені ескертілді. Бұл бағытта Ұлттық банк қандай амалдар жасап жатыр?

Тамыз айында елдегі инфляция 8,7 процентке жетті. Оған бірнеше фактор әсер етті. Азық-түлік пен шикізат бағасы күрт қымбаттады. Бұл ретте Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме жөніндегі шешімі – іске асырылатын тәуекелдерге логикалық жауап саналады. Ол инфляцияны 2022 жылы 4-6% дейін төмендетуге бағытталған

Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

– Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің негізгі мақсаты – инфляцияның монетарлыққа жатпайтын сипатын тұрақтандыру болып табылады. Үкіметтің бағалауы бойынша шараларды тиімді іске асыру биылғы жылдың соңына дейін азық-түлік инфляциясын 8 процентке және келесі жылы 6 процентке дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Бұл тапсырма өте күрделі, бірақ орындауға болады. Егер Үкімет оны шешсе, онда ұсыныс тарапынан инфляцияны тұрақтандыру және оның 2022 жылы 4-6 процент нысаналы дәлізге кіруі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. «Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатын жеңілдету үшін алғышарт жасай алады», - деп атап өтті Ұлттық банк өкілі.

Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:

– Бұл бағытта тек монетарлық шаралар шеңберінде ғана күш жұмсау жеткіліксіз. Ақша-кредит саясатының құралдары ғана емес, атап айтқанда Ұлттық Банктің Үкіметпен бірлескен шаралары инфляцияны тұрақтандыруға шешуші әсер етеді.

Ұлттық банктің базалық сценариіне сәйкес инфляциялық процестер жыл соңына дейін ағымдағы серпінді сақтайды. Ал 2021 жылы инфляция болжамды көрсеткіш аралығындағы жоғарғы шекке жақын болады.

Авторы: Алмас Садуақас