Инвестштаб отырысында өрт сөндіру құралдарын жаңарту мәселесі қаралды

Іле Алатауы, Шарын, «Көлсай көлдері», «Алтын Емел» сынды мемлекеттік ұлттық табиғи парктер қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі.

Мақсат – экологиялық туризмді дамыту. Бұл туралы инвестициялық штаб отырысында айтылды.

Жиында экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі мен Жамбыл, Ақмола облыстары әкімдіктерінің инвестициялық жобалары қаралды. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің басқарма төрағасы жалпы сомасы 7,1 трлн теңгенің 61 инвестициялық жобасы барын айтты. Өнеркәсіпті дамыту қоры бойынша ауыл шаруашылығы техникасын, автобус паркін, жүк вагондарын, коммуналдық және өрт сөндіру техникасын жаңарту көзделген. Отандық автоөндірушілерді қолдау бағытында 200-ге жуық жоба қаржыландырылған. Жамбыл облысының әкімдігі агроөнеркәсіп кешені, химия және тау-кен металлургиясы өнеркәсібі, жаңартылатын энергетика, құрылыс материалдарын өндіру сынды бағытта 107 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырған. Ал Ақмола облысында биыл 108 жоба іске асырыла бастады.