ШҚО балықшылары ханбалықты брендке айналдырмақ

Ал шығыс қазақстандық шаруалар ханбалықты брендке айналдырмақ. Бұл үшін Бұқтырма су қоймасында ірі шаруашылық салынады. Мұнда алдағы он жылдың ішінде 10 мың тонна өнім өндіру жоспарда бар. Ханбалықтан бөлек жергілікті кәсіпкерлер сүйрік пен көксеркені көбейтуге ден қоймақ. 

- Это плоды нашего труда 1918 года, мы заложили икру, 3 года этой рыбе.

Вячеслав Асанов 3 жыл ішінде Өскемен су қоймасында 2 миллионға жуық форель өсірді, бұл 300 тонна тауарлы балық деген сөз. Облыс нарығындағы сұранысты жауып тұр. Дегенмен, Вячеслав экспортқа шығуды да ойлап жүр. Өйткені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазақстандықтар тамаққа жылына бар болғаны 4 келі балық қолданса, Ресей мен Қытай елінде бұл көрсеткіш 5 есе артық екен.

Вячеслав Асанов, кәсіпкер: 

- Әрине ерте ме, кеш пе экспортқа шығуы керек. Өйткені қазір елімізде балық шаруашылығымен айналысатындар саны артып келе жатыр. Олар өз тауарларын бір жаққа өткізуі керек қой.

Бүгінгі күні еліміз жылына 30 мың тонна балық экспортттап шамамен 60 миллион доллардай пайда көріп келеді. Дегенмен, бұл түсімді бірнеше еселеуге болады. Сондықтан межелі жоспарлар көп.

- По этим заливам будут проведены конкурсы, то есть они очень подходят для выращивания форели, садковых хозяйств.

Осылайша Бұқтырманың бойынан бірнеше форель шаруашылығы ашылмақ. Түбі терең, суы салқын бұл су қоймасы қызыл балыққа аса жайлы.

Талғат Рақымжанов, ШҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:

- Бұқтырма су қоймасы бойынша 7 телім қоршаудағы торда балық өсіру бойынша жоспарланып отыр, ең маңыздысы ШҚО бойынша 10 мың тонна кәсіби балық ауланатын болса қазір 2030 жылға қарай 10 мың тонна тауарлы өсірілетін балық болады.

Дегенмен, балық шаруашылығымен айналысу үшін тәуекелге бел бууға тура келеді. Мәселен, 3 келілік форель үшін 3 жыл уақыт керек. Осы ұзақ мерзім ішінде түрлі келеңсіздіктер болып, кәсіптің кері кетуі де әбден мүмкін. Дегенмен, мемлекеттік субсидияның қолдауына сүйеніп жүрген кәсіпкерлер «қазан ауызы жоғары» деп отыр. Арнайы техникаға кеткен шығыннның 50, ал жемге кеткен қаржының 30 проценті қайтады.

- Каждому размеру рыбы свой размер гранулы, состав корма в принципе у всех одинаковый.

Өзендер мен су қоймаларына балық жіберу шаралары да үлкен септігін тигізіп келеді. 

Бауыржан Әубәкіров, ШҚО Балық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы алтай филиалының директоры:

- Популяцияны қалыпқа келтіруге көңіл бөліп жатырмыз. 2012 жылы 120 мың ақ сақа шабақтарын, ал алдыңғы жылы Қара Ертіске Сібір бекірелерін жібердік.

Жалпы 2020 жылы еліміздегі су қоймаларына 125 миллион бағалы балық шабақтары жіберіліпті. 280 шаруашылық осы салада еңбек етіп жатыр. Ал алдағы он жылы ішінде тағы 1200 балық фермасы ашылады деп жоспарланып отыр.

Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Сондай-ақ...