Ақтөбе облысында салықтан жалтарушылардан қарыз өндіру жұмысы қарқындайды

Ақтөбе облысында салықтан жалтарып жүргендерден қарыз өндіру шаралары қарқын алады. Міндетті төлемді өтемегендердің істері сот орындаушылар мен полиция департаментіне жолданады.

Ондағылар әрбір борышкерді анықтап тауып, мәжбүрлеп алу шарасын қолданады. Бүгінде өңір бойынша 20 мың жеке тұлғаның жер, мүлік және көлік салықтары бойынша берешегі бар. Қарыздың жалпы сомасы 347 миллион теңге. Оның арасында жер мен мүлік қарызын бірнеше жыл бойы төлемей жүрген борышкерлер де бар. Ал биылғы төлеу мерзімінің аяқталуына екі апта ғана уақыт қалды. Сондықтан кірістер департаментінің мамандары салықты кешіктермей өтеу керектігін ескертеді. Қазірдің өзінде сот орындаушылар мен полицияға мыңдаған іс жолданған.

Қаламқас Бердібаева , облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:

- Бүгінгі күнге салық берешегін мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушылардың аймақтық палатасында үш мың салық бұйрығы 172 миллион теңгеге қаралуда. Және әрі қарай департамент полициясымен бірлесе отырып, шаралар жүргізілуде облыс бойынша.