426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Мұнай бағасы күрт өсті

  • 174
  • UPD: 11:59, 16.09.2021
Мұнай бағасы күрт өсті

Әлемдік мұнай қымбаттап, рекорд орнатты. Лондондағы ICE биржасында Брент маркасының қараша фьючерстері шамамен 2%-ке өсті.

Баррельдің бағасы 75 доллардан асып түсті. WTI фьючерстерінің құны да көтерілді. Қара алтынның бұл маркасы барреліне 72 доллар төңірегінде сатылды. Рейтер сарапшылары «қара алтынның» қымбаттауын Мексика шығанағындағы «Ида» дауылының салдарымен байланыстырады.

Тамыздың аяғында қатты дауылдың салдарынан қайраңда өндіру және өңдеу уақытша тоқтатылды. Ал қазір шығанақ жағалауына жаңа «Николас» тропикалық дауылы келді. Аймақтағы өндіріс дауыл маусымы аяқталғаннан кейін ғана қайта басталуы мүмкін дейді сарапшылар.

Хабар 24 телеарнасы