426,32 496.50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Дүниежүзілік банк Doing Business рейтингін жариялауды тоқтатады

  • 107
  • UPD: 12:01, 17.09.2021
Дүниежүзілік банк Doing Business рейтингін жариялауды тоқтатады

Дүниежүзілік банк Doing Business рейтингін жариялауды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл өткен зерттеулерде анықталған қателіктерге байланысты.

Банк іскерлік және инвестициялық ахуалды бағалаудың жаңа тәсілін әзірлеуге уәде берді. Негізі бұл құжатқа қатысты сын былтыр басталған. 2018 және 2020 жылдары бизнесті жүргізу туралы мәліметтердің бұзылғаны туралы хабарланғаннан кейін Дүниежүзілік банк басшылығы келесі есепті тоқтатып және оның мазмұнын тексереміз деген еді. Өйткені рейтингті жасаушылар деректерді жинау кезінде қателіктер кетті деп күдіктенген.

Айта кетейік, Doing Business рейтингінде 190 мемлекеттегі бизнес жүргізуге  жасалған жағдай бағаланатын. Былтырғы рейтингте Қазақстан 25-орынды иеленген.

Хабар 24 телеарнасы