426,14 492.05 5.99
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ақтаудағы ауаны ластаған кәсіпорынға 4 млн теңге айыппұл салынды

  • 128
  • UPD: 21:38, 22.09.2021
Ақтаудағы ауаны ластаған кәсіпорынға 4 млн теңге айыппұл салынды

Ақтаудағы «Қазазот» зауытына ауаны ластағаны үшін 4 млн теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Экологтар мекеменің санитарлық аймағына барып алған сынама ауа құрамында 0,77 миллиграмм аммиак бар екенін көрсеткен. Қоршаған ортаға залал келмеуі үшін бір шаршы метр аумаққа қалыпты мөлшері 0,2 миллиграммнан аспауы тиіс. «Сондай-ақ зауыттың қыздыру пештері қалыпты мөлшерден тым көп көміртек тотығын бөлетіні анықталды», - дейді мамандар. Енді кәсіпорын заңның екі бірдей бабына сәйкес қомақты айыппұл төлеуге міндеттелді. Алайда зауыт басшылығы бұл шешіммен келіспей отыр. Тамыз айынан бері өндірістік аймақтан түнде шығып жатқан сары түтін әлеуметтік желіде бірнеше рет жарияланды.

Сағадат Хансейітов, Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы:

- Табиғат қорғау прокуратурасының ұсынысы негізінде «Қазазот» мекемесі қатысты жоспардан тыс тексерілген болатын. Аммиак көрсеткішінің нормадан жоғары екенін анықталды. Нәтижесінде Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы кодекстің 331 және 328-баптарына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Алдағы уақытта да кешенді профилкатикалық бақылау жүргізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы