259 мың теңге қарыз үшін банк елордалық тұрғынның пәтерін тартып алғысы келді

Кепілге қойылған мүліктің нарықтағы құны 14 млн теңге. Алайда Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық соты қарызды өндіру туралы банктің өтінішін қабылдамады.

Өйткені Азаматтық Кодекске сәйкес, борышкердің қарызы мардымсыз әрі кепілге қойған мүліктің құнына сәйкес болмаса, сот оны өндіруге рұқсат бермейді. Жалпы жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы заңда көрсетілгендей, қарыз  көлемі тым аз, оған қоса кепіл мүліктің сомасына пара-пар болмаса, борышты өндіру мақсатында мүлікті тартып алуға жол берілмейді. Соттың бұл шешіміне тараптар қарсы шықпады.