Биыл «Казавтопром» кәсіпорындары 55 мыңнан астам техника шығарған

Өткен 8 айда Қазавтопром кәсіпорындары 55 мыңнан астам техника шығарды. Оның ішінде жеңіл көліктер, жүк көліктері, автобустар, тіркемелер мен арнайы техника бар. Есепті кезеңде өндіріс 20% - ке өскен. Ал Былтыр осы кезеңіндегі өсім 53% болған, бұл биылғы динамиканың баяулағанын білдіреді деп хабарлайды «ҚазАвтопром» Басқарма төрағасының орынбасары Артур Мискарян.

СЕГІЗ  АЙДА ӨНДІРІЛГЕН ТЕХНИКА ТҮРЛЕРІ:

47 522 дана - ЖЕҢІЛ КӨЛІК

6 133 дана - ЖҮК КӨЛІК

809 дана - АВТОБУС

434 дана - ТІРКЕМЕ

146 дана - АРНАЙЫ ТЕХНИКА