Пәтерлер қымбаттайтыны туралы болжам негізсіз – Сарапшы

Сарапшылардың пікірінше, келесі жылы тұрғын үй бағасы 30 процентке қымбаттайды. Осыған қатысты ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Карабаев түсініктеме берді.  

Айтуынша, былтыр пәтер бағасы 13-15 процентке өскен. Биыл 30 процентке қымбаттайды деген болжам негізсіз. Себебі қазір құрылыс материалдары құнының төмендеуі байқалады. Сондай-ақ еліміздегі ішкі нарық 60 процент шикізатпен қамтамасыз етіліп отыр.

Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Бізде ішкі нарықтың толық өзіміз дің құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіледі. Линолеум, обои, керамика ол бар. Олардың барлығы импорттық тауарлар бар. Бір-екі жылдық  перспективада ол тауарды толық отандық қамтамасыз ететін боламыз.