Биыл құрылыс материалдарын өндіретін 176 жоба іске қосылады

Биыл ел бойынша жалпы сомасы 1,23 трлн теңгені құрайтын 128 жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Олардың басым бөлігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарымен қоса Шымкент қаласында орналасқан. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Карабаев мәлімдеді. Айтуынша, өндіріс орындарында 12 мың жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылады. Сонымен қатар бүгінге дейін 28 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық жұмыс орыны құрылған. Бұдан бөлек вице-министр 2025 жылға дейін құрылыс материалдарын өндіру мен тау-кен металлургия кешеніне басымдық берілетінін тілге тиек етті. Мәселен, 176 жоба құрылыс материалдарын өндіруге арналса, 126-сы тау кен металлургия кешеніне бағытталған.

Марат Карабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- 5 жылдық переспективада іске қосамыз деп отырған жобалар саны 500-ден астам. 12 трлн астам инвестиция тартып, 100 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмыз. Елге импортталынатын тауарлардың 50-ге астам тауарды солардың көлемін З млн АҚШ долларына дейін төмендетеміз.